Мектеп үжымы
Білімнің ғана тиегі, Мектебін жаны сүйеді. Қарапайым мамандық - Ұстаздық атты киелі. Бойына жиған нұр ағын, Білімнің жаққан шырағын. Шәкіртімен көркейер Қастерлі тұлға - Мұғалім! Шәкіртке шуақ төгетін, Жанына мейір егетін. Еңбекпенен жалықпай, Білімнің нәрін себетін. Бойына жиған нұр ағын, Білімнің жаққан шырағын. Шәкіртімен көркейер Қастерлі тұлға - Мұғалім! Кешегі балаң түлегі, Есінде мәңгі жүреді. Кетсе де алыс өзінен, Ұстаз боп қалар үнемі!