Ауыл қарияларына көмек көрсету
2023 жылдың 4-5 сәуір күндері ауыл әкімшілігімен біріге атқаратын іс-шаралар жоспарына сай ауыл қарияларына көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды. Мектебіміздің ұстаздары Жәумітбаев Темірхан, Ершебаева Айгерім,Қуатбаева Наргиз және Сулеймен Жасұлан 10 А,9А,9Б,9В сынып оқушыларын қатыстыра отырып, ауыл қариялары Досмамбетова Г. ,Жұрымбаева К., Адасбекова А., Қазбекова А. апайларымыздың үйлеріне барып, сенбілік /тазарту/ жұмыстарын ұйымдастырды.