... 25-қазан Республика күні » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Almaty region білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72757) 2-46-73
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » 25-қазан Республика күні
25
October
2022

25-қазан Республика күні


«25-қазан Республика күні» ұлттық мереке

     Мектебімізде ұлттық мерекеміз 25-қазан Республика күні атап өтілді.Жоспарға сәйкес қазан айының  05.10.-25.10.2022ж.  аралығында іс-шаралар уақытылы, жоспарлы түрде өткізілді.Қазан айы бойы «Таза табиғат» Республика күніне орай экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция мақсаты ауылды көгалдандыру, балалар мен жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , тазалыққа тәрбиелеу болып табылады.

Акция барысында мектептің ішкі және сыртқы территорияларына тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға мектеп оқушыларымен ұстаздар да ат салысты.

9-10 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жалпыреспубликалық эссе байқауы ұйымдастырылды. Эссеге жауапты қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сарсенғалиева Н. мен Сүлеймен Ж. Эссе байқауына   барлығы 21 оқушы қатысты. 10А сынып оқушысы Таһир Е., 11А сынып оқушысы Сахташ І.,10Б сынып оқушысы Қабыл Ұ., 9А сынып оқушысы Сансызбай А. үздік деп танылды.

15 қазан күні 8 сыныптарда «Қасиетті жер  Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағаттары жоспарға сай өткізілді.Тәрбие сағаттарының мақсаты Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге баулу.8 А сынып жетекшісі Г. Аблаева, 8Ә сынып жетекшісі А.Абсатарованың   ұйымдастыруымен өткізілген тәрбие сағаты жоғары деңгейде өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар өлең жолдары мен арнауларын арнап, өз шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.

17 қазанда «Жаңа Қазақстан  бала көзімен!» «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің сырттай байқауына 1-2 сынып оқушылары қатыстырылды. Байқау нәтижесінде І орынды 2В сынып оқушысы Жұмабай А., ІІ орын Көбей Каусар және 1А сынып оқушысы Андалиева А., ІІІ орынды Сұлтанқызы А. иеленді. 

17-21 қазан аралығында «Менің Республикам» атты тақырыпта барлық сыныптарда жоспарға сәйкес  сынып сағаттары өткізілді.Атап айтсақ, 4А сыныбында оқушылардың дайындаған қойылымдары, сынып жетекшісі Б.Бекниязова; 3Ә сынып оқушыларының өлең жолдарын мәнерлеп оқуы, сынып жетекшісі А.Икибаева; 5А сыныбының   берілген сұрақтарға еркін , тиянақты жауап берулері, сынып жетекшісі А.Қонақбай; 8Б,9А сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  дайындаған сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті. 

18 қазанда «Қазақстан – балалар көзімен»атты балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалардың қолынан шыққан бұйымдар қойылды. Көрмеге жауапты Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.Таджимағанбетова, Сәби М., С.Кулиева. Көрме өткізу барысында матадан, қағаздан,шиден,ағаштан жасалған бұйымдар мен түрлі тігіспен өрнектелген кестелік бұйымдар қойылды. Атап айтар болсақ, қазақтың ұлттық қолөнері ши тоқумен әр түрлі тақырыпта бұйымдар, «Астана» тақырыбындағы киіз басу өнерімен жасалған бұйым, фетр матасын қолданып, оған ұлттық нақыштағы оюларды жапсырып орындалған аққу бейнесі қойылды. Қазақтың қолөнері орындалу нақыштарымен –ақ өз елінің тарихы мен болмысын дәріптейді. 

19 қазан күні «Қыран елім Қазақстаным!»   тақырыбында мәнерлеп оқудан оқушылар арасында байқау ұйымдастырылды. Байқауға 6-9 сынып оқушылары өте жақсы дайындықпен қатысты. Байқаудың әділ-қазылар алқасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Айтжан, Н.Чонгитова, Е.Кенжебаева.Байқауда   М.Мақатаевтың «Отан туралы», Күлаш Ахметованың «Сен Қазақсың», Несіпбек Айтұлының «Отан» т.б.ақындардың  өлеңдері оқылды. Байқау нәтижесінде  жоғарғы буын бойынша, 9 Ә сынып оқушысы Андалиева А. І орын, 8А сынып оқушысы  Омарғали А.,ІІІ орынды 8 А сынып оқушысы Улукбаева Ж. иеленді. Орта буын бойынша І орын 7Ә сынып оқушысы Романқұл Е., ІІ орын 6Ә сынып оқушысы Мизанбай Т.,  ІІІ орын Рақым С. иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

19.10.2022ж. Бірыңғай республикалық диктант өткізу күніне орай «Атамекен»  тақырыбында  1-4 сыныптар аралығында диктант алынды. 3Ә сынып оқушысы Таңбай Е. жазба жұмысы үздік деп танылып,  аудандық кезеңнен ІІІ орынды иеленді.

      5-11 сыныптар арасында  «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында бірыңғай эссе байқауы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.Сарсенғалиева,Н.Айтжан,Н.Чонгитова эссе жұмыстарын тексеріп, қорытындысын шығарды.8 А сынып оқушысы Айтбай И. , 5 Ә сынып оқушысы Айтмұқаш Ж., 7А сынып оқушысы Кеулимжай А.,6А сынып оқушысы   Байбол Н. І  орынды иеленді.ІІ орын 8 Ә сынып оқушысы Ерман Б., 6Ә сынып оқушысы Сайлаубай А.,7 Ә сынып оқушысы 

       Шабай Д.  ал ІІІ орынды 6Б сынып оқушысы Тангбаева І.,  Турмухан А., 6А сынып оқушысы  Айтбек Д. ие болды.

19 қазанда 11 сынып жетекшілері Н.Сарсенғалиева, С.Суюндикова және Д.Оспанованың ұйымдастыруымен   «Қазақстан – менің елім» атты тақырыпта әдеби-танымдық кеш өткізілді.  Мақсаты: Қазақстанды көркейтетін жас буын өкілдерін білімге деген қызығушылықтарын арттыратын, ойын ашық жеткізетін, кез-келген  ортада озық болуға ұмтылатын, келешегіне нық қадам жасай алатын тұлға қалыптастыруболып табылады.Кеш өткізу барысында оқушылардың білімдерін жан-жақты сынауға  түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерінің ізденімпаздық, көркем сөйлеу дағдыларын жақсы көрсете білді.

20 қазан күні көркем еңбек және сурет пәні мұғалімдері Сәби М., С.Кулиева «Гүлдене бер, Республикам менің!» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.Сурет байқауының қорытындысы бойынша І орынды 7 Б сынып оқушысы Рахман Балжан, ІІ орынды 5А сынып оқушысы Талғат Ж., ІІІ орынды 6А сынып оқушысы Қабдоллақызы М. иеленіп, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

Республика күніне орай   мектебізде 3-4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 21 қазанда «Менің Отаным –Қазақстан!», «Моя Родина – Казахстан!» көркем сөз байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты: Schoolchildren Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат бере отырып, шығармашылылық қабілеттерін дамыту. Байқауда Отан, ел Туған жер тақырыптары бойынша өлең шумақтарын арнады. 3А сыныбынан  Нұрланұлы С.,3Ә сыныбынан Сансызбай А., 4А сыныбынан жалмурзина Ф., 4Ә сыныбынан Айтбекқызы  З., 7Г сыныбынан Кучеров Р. сынды оқушылар үлкен жауапкершілікпен қатысып, мақтау қағаздарымен мараптталды.

Жоспарға сәйкес «Патриотизм дауысы» мемлекеттік Гимнді жаппай орындау  21 қазанға жоспарланған болатын. Сол күні салтанатты жиын ұйымдастырылып, АӘД пәні мұғалімі М.Қасабаевтың ұйымдастыруымен Туды алып шығу рәсімі орындалды. Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары біруақытта үлкен жауапкершілікпен  Гимнді   орындады. Мектеп директоры сөз сөйлеп, осындай үрдісті қолдайтынын және Туымызды биікке көтерер жастарға сеніммен қарайтындығын білдірді. 

 ДТІЖО А.Кемербаеваның ұйымдастыруымен Жаңа Қазақстан: Тәуелсіздік жолы тарих жолы тақырыбында мектебімізде семинар ұйымдастырылды. Семинарда еліміздің жетістіктерін негізге ала отырып, еліміздің тарихы , осы күнге дейінгі ұстаздық етудегі қиындығы мен қызығы мол жылдар және бүгінгі күндегі еліміздегі әр түрлі жағдайлар сипатталды.

Республика күнін мерекелеу барысында 21 қазанда салтанатты жиын және  «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты тақырыпта  мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиынға мектеп ұстаздары,ата-аналар комитеті, ардагер ұстаздар және оқушылар  қатысты.  Жиын мақсаты жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген махаббат сезімін ояту. Жиында мектеп директоры А.Кобегенова құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұстаздарымен  оқушыларды   жоғары белсенділіктерімен жауапкершіліктері үшін марапаттады.Салтанатты жиыннан соң мектеп оқушылары мен ұстаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концертте Тіл маманы ұстазымыз Ж.Сүлейменнің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптардан құралған  жігіттер тобы өз өлең жолдарын арнады. Мектебіміздің әншілер мен   бишілер тобы концертті жандандырса,өзге ұлт өкілдерінен тұратын орыс сынып оқушылары мәнерлеп ,жалынды өлең шумақтарын арнады. Республика күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жоғары жеңгейде өтті.  

Жалпы 25 қазан- Республика күні мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралар уақытылы , өз деңгейінде өтілді.