... Жаз-2023 » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Almaty region білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72757) 2-46-73
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
07
April
2023

Жаз-2023

2023 жылдың   сәуір айының 7-сі күні   ұйымдастырылған аудан көлемінде Ақши ауылының №8 орта мектебінде «Жаз-2023»  мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңының нормативтік құжаттарын таныстыру мақсатында семинар өтті. Семинар барысында нормативтік құжаттар таныстырылып, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңының бір күндік іс-шаралары көрсетілді. «Жас спортшы» үйірме жетекшілері  дене шынықтыру пәні мұғалімдері, тоғызқұмалақ, бес тас, қол күрес, шахмат, асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту  ұлттық ойындарын көрсетті. Мектеп жанын көгалдандыру бригадасының жетекшісі Тілеген Жұлдыздың  жүргізуімен,  көгалдандыру  бригадасы мектеп жанына гүлдер отырғызып  және Іле ауданының білім бөлімінің әдіскері З.Бақытжанқызына өз қолымен ағаш отырғызуын  ұсынды және ол ағашты жыл бойы күтіп баптайтынын жеткізді. «Жас жол полиция көмекшісі» үйірме жетекшісі Қасабаев Мади жолда жүру ережесін көрсетті. Сонымен қатар «Күншуақ»  тобы жетекшісі Бекиниязова Баян  «Ертегілер елінде»  тақырыбында саяхат сабағын 4 сыныптармен өткізсе, «Қол өнер» үйірме жетекшісі Таджимагамбетова Алмагүл,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен «Тақияны әшекейлеу»  тақырыбында қол өнер жұмысын жүргізді. Ал, «Көңілді әуендер» үйірме жетекшісі Абилкасым Бексулу ойлан тап топтық сайыс сабақ өткізсе, «Асыл сөз» үйірмесі жетекшісі Сүлейман Жасұлан, кәкім Абай Құнанбайдың  қара сөздері бойынша сайыс сабақ ұйымдастырды. Семинар соңы концерттік бағдарламамен аяқталды. Семинар соңында Municipal public institution әдіскері З.Бақытжанқызы  семинарға кері байланыс жасап өтті.