... Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету - І тоқсан қорытындысы » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72757) 2-46-73
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету - І тоқсан қорытындысы
07
ноябрь
2023

Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету - І тоқсан қорытындысы

Іле аудандық білім бөліміне қарасты №8 орта мектебінде 750 оқушы білім алып, тәрбиеленуде.
2023-2024 оқу жылында заңнамаға сәйкес тегін және жеңілдікпен ыстық тамақпен 351 оқушы қамтылып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген қағидасының 4-тармағына сәйкес, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген 5-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа алып, ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініші негізінде бюджеттен ай сайын тамақтандыру қамтамасыз етілуде.
Бүгінгі қоғамда өскелең ұрпақтың денсаулығының мықты болуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі мен мәдениеті, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі кейінгі кезде биік мінберлерден де айтылып, мемлекеттік деңгейде мән беріле бастады. Халық қалаулылары да мектеп оқушыларын сапалы ыстық тегін тамақпен қамтамасыз ету бүгінгі таңдағы күрделі мәселе екенін айтуда. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, тамақтану халықтың денсаулық деңгейін анықтайтын негізгі фактордың бірі болып табылады. «Бала – ел ертеңі, ұлт – болашағы» десек, бала денсаулығының мықты болуының бір кепілі – дұрыс тамақтану. «Ауру астан» деп көнекөздеріміз айтқандай, тамақтан ауру табу қазіргі кездегі басты мәселеге айналып отырғаны белгілі.
Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында семіздік, ас қорыту жүйесінің аурулары, қант диабеті, қан аздық секілді сырқат түрлерінің кең етек алуын тиісті сала мамандары: «дұрыс тамақтанбау – салдарынан орын алып отырған мәселе», - деп тауып, дабыл қағуда. Осыған орай бүгінгі таңда оқушылардың уақытымен тамақтануының қолға алынуы қуанарлық жағдай.
№8 орта мектеп асхананың кіре берісінде тамақтану бұрышы ілініп, ас мәзірі, кезекшілік кестесі ілініп тұр. Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, әкімшілік мүшелері тарапынан мектеп асханасының талаптарға сай жұмыстарының жүргізілуін бақылау қолға алынған. Сонымен қатар жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан және бюджет есебінен тамақтанатын оқушылардың асханаға барып тамақтануының күнделікті есебі де жүргізіліп отырады. Мектеп базасында 351 оқушы, оның ішінде 288 оқушы бастауыш сынып және 63 оқушы 5-10 сынып білім алушылары, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде, оның ішінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 246 оқушы тегін тамақтануда. Арендатор есебінен тамақтанатын оқушы жоқ.
Жыл сайын мемлекет тарапынан қолдау, көмек көрсетумен бірге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жасалуда және бұл өзгерістер оң нәтижесін беруде!
[]http://8-ileaud.mektebi.kz/uploads/posts/2023-11/1699350645_whatsapp-image-2023-11-07-at-10_54_04.jpeg[/]

[]http://8-ileaud.mektebi.kz/uploads/posts/2023-11/1699350610_whatsapp-image-2023-11-07-at-10_54_03.jpeg[/]