... Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72757) 2-46-73
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
04
январь
2023

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды


АСТАНА. ҚазИнформация – Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазИнформация Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 қаңтар

№ 86

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — МОН РК Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы МОН РК «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін МОН РК Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Фото: primeminister.kz

Похожие публикации:

19 апрель 2017 Мектеп тарихы