... Жол ережесін сақтайық! » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72757) 2-46-73
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Жол ережесін сақтайық!
02
сентябрь
2022

Жол ережесін сақтайық!

«№8 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі


 « Жол ережесін сақтайық!» атты  апталығында өткізілген

 іс-шаралар мәліметі. 

          Іле аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, жол ережесін сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қыркүйек  айының 02-09 аралығында « Жол ережесін сақтайық!» атты тақырыпта апталық іс-шаралар жоспары бекітіліп, өткізілді.

       Жоспарға сәйкес, «Абайлаңыз , балалар!»  тақырыбында 2 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің  белгілерімен жүре білуге үйрету жұмыстары жүргізілді.

        05.09.2022ж. 3 сыныптардың жетекшілері Икибаева А., Кулиева Б.,Қанапияева Л., Калиева А. ұйымдастыруымен  «Қызыл.Жасыл.Сары.» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты балаларға  бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру. Сынып сағаты барысында оқушыларға деңгейлік  түрлі тапсырмалар берілді. 

06.09.2022ж. 4 сыныптарда «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» тәрбие сағаттары өткізілді.4а,4б сыныбы сайыс сабақ ұйымдастырса, 4ә сыныбы кездесу  өткізді. Тәрбие сағаттары өте жақсы деңгейде, жүйелі , жинақы өткізілді.

5-6 сыныптарда 07.09.2022ж. «Жолда жүру ережесін жадыңда ұста!» әңгіме сабағы өткізілді. Онда оқушылар  көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіретінін, әртүрлі апаттық жағдайларға себеп болатыны жайлы өз ойларын ортаға салды.

07.09.2022ж.  7 сыныптар арасында  «Сен жол белгілерін қаншалықты білесің!»  тақырыбында сауалнама  алынды.   Мақсаты жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.
 Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Барлық сыныптар сауалнамаға түгел қатысты.

8 сыныптарда  08.09.2022ж. «Жаяу жүргінші міндеті, жауапкершілігі және қауіпсіздігі» диспут ұйымдастырылды. Диспут барысындажол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу,ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту жұмыстары жүргізілді.


 
09.09.2022ж.9-10 сыныптарда «Жол көлік оқиғаларының болу себептері...»   тақырыбында сынып жетекшілері тарапынан дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды көшеде дұрыс жүріп - тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушылар бір-біріне ситуациялық сұрақтар беру арқылы жан-жақты пікір-талас орнатты. « Жол ережесін сақтайық!» апталығы өз деңгейінде  уақытылы, жақсы өткізілді.


  Шешім:

  • Жолда жүру ережесі бойынша жұмыстар жандандырылып, жыл бойы жол қауіпсіздігі бойынша жүйелі жұмыстар атқарылсын.

Жолда жүру ережелеріне байланысты ата-аналарға арналған сауалнама. Сіздің балаңыз біле ме?1.Өзінің тұрған қаласының атын,мекен-жайын,көшесінің атын, үйінің, пәтерінің,телефонының нөмірін.Сіздің балаңызбен балабақшадан үйіңізге қалай қайтасыз?1.Жаяу2.КөлікпенЕгер сізге жаяу кету керек болатын болса, онда сіз балаңызбен:1.Сіз әрдайым бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп, жолмен жүресіз.2. Сіз егер жолда машина жоқ болатын болса, бағдаршамға қарамай,жолдан өтіп кете бересіз.3. Сізге қолайлы көрінетін жолмен өтесіз.Сіздің балаңыз жолда жүру ережесі белгілерін біле ме, ол белгілер нені білдіретінін айтып бере ала ма?1.Иә2.Жоқ3.Жауап беруге қиналамын Сіздің балаңыз бағдаршамнан көліктің дабылын ажырата ала ма? 1.Егер жолда жүру бағдаршамында қызыл дабыл жанып тұрса, менің балам орнында тұрады.2. Менің балам көлік жүретін бағдаршам мен жолда жүретін бағдаршамның дабылын шатыстырада, жолдан өтер кезінде жиі қателеседі.3. Менің балам жолда жүру үшін және көліктер үшін бағдаршамның бар екенін білмейді, ол тек менің іс-қимылыма қарап, менімен бірге жүреді. Сіз балаңызға соңғы рет жолда жүру белгілерін қашан көрсеттіңіз және ол белгілердің нені білдіретінін айттыңыз?1.Мен оны күн сайын айтып отырамын2.Мен оны бұрыннан айтып келемін3. Есімде жоқ Сіздің балаңыз қала көліктерінің қандай түрлерін біледі? 1.Автобус2.Троллейбус3.Такси Қалалық көлікте балаңыз өзін-өзі қалай ұстайды? 1.Менің балам аялдамада тыныш тұрады, үлкен кісілерден кейін артқы есіктен автобусқа мінеді, егер отыруға болатын бос орын болса барып отырады,басын терезеден шығармайды, автобустың ішін шашпайды.2.Менің балам аялдамада секіреді, жүгіреді. Үлкен кісіге қарамай,автобустың кез-келген есігінен мініп, басқа кісілерді итеріп бос тұрған жер болса отырып алады, автобустың ішінде қатты сөйлейді. Сіздің балаңыз негізгі жол белгілерін біле ме? 1.Иә, менің балам негізгі жол белгілерін біледі, олардың не үшін қажет екенің айтып бере алады,өмірде жолда жүру ережесін қолданады.2.Мен оған сенімді емеспін. Менің баламның білімі толық емес, кездейсоқ білім.Балам белгілердің аттарын айтар кезінде жиі қателеседі.Өзін көшеде және көлікте қалай ұстау керектігін білмейді.3.Жоқ. Балам көшеде және көлікте өзін-өзі дұрыс ұстай білетіндей қауіпсіздік ережесін оқытуға, үйретуге менің уақытым жоқ. Мектеп жасына дейінгі балаларды қауіпсіздікті сақтау ережесімен таныстыру педагогтар жағынан болу керек деп есептейсіз бе? 1.Сіздің жағыңыздан қолдау болған жағдайда ғана нәтижелі болады. 2. Сіздің жағыңыздан ешқандай қолдау болмаған жағдайда нәтижелі болады. 3.Нәтижесіз, көшеде жүру қауіпсіздік тәртібін тек ата-аналар үйрете алады.


Похожие публикации:

22 март 2022 Дебат