... Государственные символы – еліміздің нышаны » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72757) 2-46-73
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Государственные символы – еліміздің нышаны
10
октябрь
2022

Государственные символы – еліміздің нышаны

Күрті ауылдық округы 

Ақши ауылының әкіміТ. Омаровқа  

«№8 орта мектеп» мемлекеттік

коммуналдық мекемесінің әкімшілігінен


МӘЛІМЕТ


№8 орта мектепте 2022 жылдың 11-21 қазан күндері аралығында «Шындық, бейбітшілік, үміт рәміздері» атты тақырыпта онкүндік жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар уақытылы, жоғарғы деңгейде өткізілді.

         «Государственные символы – еліміздің нышаны» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Аталмыш іс-шара өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Н.Сайлаубаевтың ұйымдастыруымен  8-9 сыныптар арасында сайыс сабақ өткізілді.   Жұмыс  жоспарына сай қазанның 11 күні мектеп кітапханасында «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің өтуіне жауапты болып кітапхана меңгерушісі М.Самиева бекітілді.   2021 жылдың, қазанның 12 күні,  2-3 сыныптар арасында «Ел намысы –Ту, Елтаңба, Гимн» тақырыбында әңгіме сабақ өткізілсе, 12 қазан күні 4 сыныптармен  «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 14 қазан күні 5АӘБГ сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Рәміздер – рухымыз, арожданымыз»  тақырыпта мәнерлеп оқу  сайысы өткізіліп, мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды. Қазанның 17-ші күні «Білімім байрағым мен ұраным» атты тақырыпта 6-шы сынып оқушылары арасында   топтық сайыс өткізіліп, әр сыныптан командалар құрылып, жалпы төрт команда өздерінің білімдері мен біліктіліктерін сынап, сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені – 6А сыныбы «Жалын» тобы, І орынды   6Б сыныбының «Мәңгілік Ел» тобы жеңсе, ІІ орын иелері – 6Ә сынып командасы «Дарабоз» тобы иеленді. Барша оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. «Қазақстан республикасының рәміздері – ұлттық мақтаныш» тақырыбында викториналық сабақ 2022 жылдың 18 қазан күні 7 АӘБ сыныптарының қатысуымен өткізілді. Аталмыш сабақты сынып жетекшілері өткізуге жауапты болып бекітілді. Қазан айының  19-шы жұлдызында 8АӘБВ сынып оқушылар «Елтаңбасы мен еңселі, Гимнімен айбынды, Туымен тұғырлы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілсе, келесі күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздігіміздің жоғарғы құндылықтары» тақырыбында  конференция жүргізілді. 20 қазан күні «Символы Казахстана – история страны» тақырыбында  орыс 1г,2Г,3Г,4Г,5Г,6Г,9Г сыныптары сынып сағатын өткізсе, 21 қазан онкүндіктің жабылуынада «Мәңгілік Ел» дебат клубының жетекшісі Ж.Сүлейменов және «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Сүндетқали Арудың ұйымдастыруымен «Государственные символы – ел мәртебесі» тақырыбында оқушылар арасында дебат өткізді. «Шындық, бейбітшілік, үміт рәміздері» тақырыбында 2022 жылдың 11-21 қазан күндері аралығынада өткізген онкүндіктің іс-шаралары күнделікті мектептің әлеуметтік желісінде жарияланып отырды. Жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар уақытылы, өз деңгейінде өткізілгендігін мәлімдейміз.






Мектеп директоры                     А.Кобегенова

Похожие публикации:

22 март 2022 Дебат