24
апрель
2017
Ата-ана ережелері
1. Мектепттің қоғамдық өміріне қатысуға;
2. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
3. «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті.
- Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
- Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
- Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
- Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
- Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
- Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
- Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
- Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
- Родителям арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
- Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
- Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
- Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
- Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
- Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
Родителям қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
- Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
- Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
- Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
- Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
- Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады.
- Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
- Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
- Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
- Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.