... 1- қазан Халықаралық қарттар күні » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Almaty region білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
Education Department of Ili district
Reception room :
+7(72757) 2-46-73
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » 1- қазан Халықаралық қарттар күні
01
October
2022

1- қазан Халықаралық қарттар күні


«№8 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі


«1- қазан Халықаралық қарттар  күні»мерекесінің атап өтілуі 

туралы  мәліметі 

2022-2023 оқу жылы

         Мектеп директорының 26 қазандағы бұйрығына сәйкес   мектебімізде «Қарттарым-қазынам» тақырыбында іс-шара жоспары құрылып, атап өтілді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат  -аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу,оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Activity қатарына қарттарға құрмет акциялары, кездесу,сынып сағаттар өткізу, қариялардың үйлеріне барып тазалық жұмыстары сияқты көмек көрсету жұмыстары қамтылды.

27 қазанда  10АӘБ сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым аман-сау жүрсін» тақырыбында видео презентация жасап, оқушылардың құттықтауларын ұсынды.

28 қазан күні «Менің атам мен әжем» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.  Нәтижесінде 6А сынып оқушысы  Орал З. , Мухамбетова М. І орын,  5 сынып оқушысы Әділхан С., Емберді Е. ІІ орын, Шакимуратова Ұ, 6 сынып оқушысы Алпамыс Е. ІІІ орынды иеленді.

7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қарт жүрген жер - береке» тақырыбында кездесу өткізді. Оған ардагер ұстаздар Ж. Намурадиновна мен Б.Жатақбайқызы шақырылды. 

8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қарты бар houseқазыналы үй» көмек акциясы ұйымдастырылды.   Ардагар ұстаздар Байжанова К.Н., Шмидт Т.А.,

 Нуржанова М.Н., Волошина Г.С.,Абеуова М.,Омарова Б.Ж., Манасова Р.,Ормағанбетов Б., Қуанышбаев Ж.т.б. және ауыл қариялары Журынбаева К., Исламова Ш. Қарттар күні мерекесімен құттықтап,  тұрмыстық көмек көрсетіп келді. 

27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Қарттарым –асыл қазынам» атты тақырыпта барлық сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттары  оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу бойынша жүргізілді . «Қарттарым-қазынам» тақырыбындағы іс-шара жоспарға  сәйкес уақытылы, ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өткізілді.




ДТІЖО                       А.Кемербаева