Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны
Күрті ауылдық округы
Ақши ауылының әкіміТ. Омаровқа
«№8 орта мектеп» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің әкімшілігінен
МӘЛІМЕТ
№8 орта мектепте 2022 жылдың 11-21 қазан күндері аралығында «Шындық, бейбітшілік, үміт рәміздері» атты тақырыпта онкүндік жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар уақытылы, жоғарғы деңгейде өткізілді.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өтті. Аталмыш іс-шара өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Н.Сайлаубаевтың ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында сайыс сабақ өткізілді. Жұмыс жоспарына сай қазанның 11 күні мектеп кітапханасында «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің өтуіне жауапты болып кітапхана меңгерушісі М.Самиева бекітілді. 2021 жылдың, қазанның 12 күні, 2-3 сыныптар арасында «Ел намысы –Ту, Елтаңба, Гимн» тақырыбында әңгіме сабақ өткізілсе, 12 қазан күні 4 сыныптармен «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 14 қазан күні 5АӘБГ сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Рәміздер – рухымыз, арожданымыз» тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды. Қазанның 17-ші күні «Білімім байрағым мен ұраным» атты тақырыпта 6-шы сынып оқушылары арасында топтық сайыс өткізіліп, әр сыныптан командалар құрылып, жалпы төрт команда өздерінің білімдері мен біліктіліктерін сынап, сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені – 6А сыныбы «Жалын» тобы, І орынды 6Б сыныбының «Мәңгілік Ел» тобы жеңсе, ІІ орын иелері – 6Ә сынып командасы «Дарабоз» тобы иеленді. Барша оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. «Қазақстан республикасының рәміздері – ұлттық мақтаныш» тақырыбында викториналық сабақ 2022 жылдың 18 қазан күні 7 АӘБ сыныптарының қатысуымен өткізілді. Аталмыш сабақты сынып жетекшілері өткізуге жауапты болып бекітілді. Қазан айының 19-шы жұлдызында 8АӘБВ сынып оқушылар «Елтаңбасы мен еңселі, Гимнімен айбынды, Туымен тұғырлы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілсе, келесі күні 9-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздігіміздің жоғарғы құндылықтары» тақырыбында конференция жүргізілді. 20 қазан күні «Символы Казахстана – история страны» тақырыбында орыс 1г,2Г,3Г,4Г,5Г,6Г,9Г сыныптары сынып сағатын өткізсе, 21 қазан онкүндіктің жабылуынада «Мәңгілік Ел» дебат клубының жетекшісі Ж.Сүлейменов және «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі Сүндетқали Арудың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында оқушылар арасында дебат өткізді. «Шындық, бейбітшілік, үміт рәміздері» тақырыбында 2022 жылдың 11-21 қазан күндері аралығынада өткізген онкүндіктің іс-шаралары күнделікті мектептің әлеуметтік желісінде жарияланып отырды. Жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар уақытылы, өз деңгейінде өткізілгендігін мәлімдейміз.
Мектеп директоры А.Кобегенова