... Ыстық тамақпен қамтамасыз ету - ІІ жартыжылдық ұйымтастыру есебі » №8 ОРТА МЕКТЕБІ
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданының бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72757) 2-46-73
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ыстық тамақпен қамтамасыз ету - ІІ жартыжылдық ұйымтастыру есебі
01
февраль
2024

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету - ІІ жартыжылдық ұйымтастыру есебі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2023 жылғы 31 тамыздағы №42-01-34/3775 хатына сәйкес Іле аудандық білім бөлімі басшысының 66 бұйрығына сәйкес, «Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы» мектеп директорының №4 бұйрығымен 8 қаңтардан бастап жалпы білім беру қорының есебінен ыстық тамақпен 351 (үш жүз елу бір) оқушы қамтылды. Оның ішінде 1-4 сыныптан 291, 5-11 сыныптан 60 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік мәртебеге сәйкес жалпы 351 оқушының 230-і әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасы, толық емес отбасы, АӘК алатын отбасы, жетім, АҚҚҚ, мүгедек және ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылар.
І ауысымда оқитын оқушылар сағат 9:35 – 9:50 аралығында (2 сабақтан кейін) 67 оқушы, 11:25-11:40 аралығында (4 сабақтан кейін) 90 оқушы, ІІ ауысым бойынша сағат 15:55 – 16:10 аралығында (2 сабақтан кейін) 96 оқушы, 17:55-18:00 аралығында (4 сабақтан кейін) 98 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырылды.
Ыстық тамақтың сапасын, асхананың санитарлық талапқа сай болуын, ас даярлау блоғының техникалық жағдайын бақылау мақсатында комиссия мүшелері құрылды.
Комиссия мүшелері айына екі рет асхананың санитарлық жағдайын тексереді. Ыстық тамақ ЭС – пен бекітілген перспективті меню бойынша беріледі. Аспазшылардың киімдері санитарлық талапқа сай. Қайнатылған су дайындалып, екі ауысымда оқитын оқушыларға арнайы қолданылатын ыдыстармен ұсынылады. Оқушылардың күнделікті тазалықты сақтау мақсатында қол жуатын орын, ыдыс – аяқтардың тазалығын сақтау үшін қоспалар және тазалыққа қажетті дезинфекциялық жабдықтармен толықтырып, арнаулы орындарға қойылған. Қолданысқа керекті азық-түліктердің топтамасы жарамды мерзіміне сай. Азық – түлікке арналған қойма талапқа сай. Күнделікті ас дайындауда қолданылатын ыдыс-аяқтар шартты белгілермен белгіленіп қойылған. Мектеп медбикесі күнделікті ас мәзірін бақылап отырады.
Оқушылардың тамақтану кестесі бойынша жауапты мұғалімдер өздерінің міндеттерін уақытымен орындайды.